Добавить проект
Прочитать правила
Платный доступ
Авторизация:
Информация


Иностранные чертежи » Казахстан : Дипломные и курсовые работы : Архитектура : Здания социально-бытового назначения : Дипломдық жоба - Астана қ.700 орындықты мектеп

Дипломдық жоба - Астана қ.700 орындықты мектеп

| Рб:
3
| Платформа: AutoCad | Поместил: pangolin | Дата: 29.5.11 08:58 | Год выпуска: 2011 | Размер: 8.23 MB | Скачали: 132
Коротко о файле: Бағаналардың астындағы іргетастар - Ауыр бетоннан жасалған тұтас құймалы темірбетонды. Сыртқы қабырғалар – АР беттері бойынша бірізділік жылытуы бар қалыңдығы 200м тұтас құймалы темірбетонды. Ішкі қабырғалары – тормен арматурланған және бағаналарға тірелген бекітпесі бар 250мм қалыңдықтағы кірпіштер. / Құрамы: 9 парақ сызбалар + түсіндірме жазба.
Дипломдық жоба - Астана қ.700 орындықты мектеп

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Сәулет-құрылыс бөлімі
1.1 Құрылыс ауданының сипаттамалары
1.2 Бас жоспардың шешімдері
1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
1.3.1 Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері
1.4 Сәулеттік-конструкциялық шешімдер
1.4.1 Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі
1.5 Ғимаратты инженерлік жабдықтау
1.6 Антисейсмикалық шаралар
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
2. Есептік-конструктивтік бөлім
2.1. Темірбетонды немесе металл конструкциялар есебі және оларды құрастыру
2.1.1. Жүктемелерді анықтау және есептік схеманы құру
2.1.2. Темірбетонды немесе металл конструкциялар элементтерінің есебі және оларды құрастыру
1. Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі
3.1. Технологиялық карталарды жобалау
3.2. Объекттік құрылыстық бас жоспарды жобалау
3.3. Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария
3.4. Мерзімдік жоспарлау
3.5. Еңбекті қорғау
4. Құрылыс экономикасы бөлімі
4.1. Сметалық есептеу
4.1.1. Объекттің сметалық құнын анықтау
4.1.2. Локальдық сметаларды құру
4.1.3. Объекттік сметаларды құру
4.1.4. Құрылыс құнының толық сметалық есебін құру
4.2. Технико-экономикалық көрсеткіштер
4.2.1. Жобалық шешімдердің экономикалық тиімділігін есептеу
4.2.2. Жобаның технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтау
Қорытынды
Терминдердің және қысқартулардың тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер

Астана қаласының 3 мөлтек ауданында 700 оқушыға арналып салынған мектеп ғимараты екі блоктан тұратын ғимарат түрінде жобаланған.
Екеуінің бірі 450 бұрышпен бұрылатын оқу және қоғамдық – спорттық бөлімі. Ғимараттың жалпы габариттері 46,670*97,350м. Ғимарат 3 қабаттан тұрады.Оқу блогы (П-1) және қоғамдық спорттық блок (П-2) өзара бір-бірімен екі қабатты жылы өткелмен байланысқан.
Оқу блогының орталығында 7,150*7,150м жоспарлы өлшемдері бар әйнек пирамида түріндегі зенитті жарықталуы бар 17,600*21,500м өлшемді түндікті ауласы бар, қабаттардың биіктіктері де қарастырылған: П-1, техастары – 2,150м; 1,2,3 – қабаттары – 3300м. Бірінші қабат П-1 келесі жабық ғимараттарды қарастырады: басты кіру есігінің тамбуры, киім ілгіштер, түндікті аулалар, бастауыш сыныптардың бөлмесі, қауіпсіздік қызметі бастығының бөлмесі, қару – жарақ сақтау бөлмесі, қауіпсіздік қызметі бөлмесі.
Екінші қабат: рекреация, қазақ әдебиеті, физика, қазақ тілі бөлмелері, физика зертханасы, география және тарих бөлмелері, тарих және география зертханалары, сурет салу бөлмесі, орыс тілі бөлмесі, директордың тәрбиелік жұмысы бойынша орынбасарының бөлмесі, директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары бөлмесі, директордың әкімшіліктік – тұрмыстық ісі бойынша орынбасары, мұғалімдер бөлмесі.
Үшінші қабат: рекреация, шет тілі, информатика, математика, химия, биология бөлмелері, биология және химия зертханалары, психологтың бөлмесі, техникалық тұлғаға арналған бөлме.
Үшінші қабат: холл, бас директор, орындаушы директор бөлмелері, қабылдау бөлмесі, бас бухгалтер және кассир бөлмелері, кітапхана, кітап қоймасы, дәліз, ән сыныбы, хореография сыныбы.

Негізгі технико – экономикалық көрсеткіштері:
Жалпы аудан -5456,8
Пайдалы аудан- 5203,5
Есептелетін аудан -5203,5
Құрылыс ауданы -2215,0
Құрылыс көлемі, сонымен қатар 0,000-ден төмен -27051,24


Содержимое архива

Проекты (работы, чертежи) можно скачать став участником и внеся свой вклад в развитие. Как скачать ? подробнее >>>>>>>
 
Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.